×

Оралда киік етінен консерві жасамақ болған «Кублей» зауыты жабылу алдында тұр

Зауыт пен құрылыс компаниясы арасындағы даудан 500 отбасының үйсіз қалуы да мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 21.10.2022 | 15:17
коллаж: Halyq Uni

Оралдағы «Кублей» зауыты жабылса, 600 адам жұмыссыз, 2,5 мың шаруа қожалығы табыссыз қалуы мүмкін.

Базынасын айтқан кәсіпорын өкілдері Алматыда баспасөз жиынын өткізді. Олардың айтуынша, зауыттың санитарлық қорғау аймағына тұрғын үйлер заңсыз салынған. Баспаналар құжат жүзінде заңдастырылатын болса, мекеменің жабылуы ықтимал.

Біз, заңгерлер, Оралдағы әкімдік, жер қатынастары, сәулет құрылыс басқармасының үстінен шағымдандық. Мақсатымыз – зауыттың санитарлық аумағын сақтап қалу ғана емес, әкімдіктің жерді не үшін алып қалғысы келетінін анықтағымыз келеді. Барлық дәлелдемені жинап, сотқа 8 том айғақ ұсындық, - дейді зауыт заңгері Бақытжан Базарбек.

Осы зауыт пен құрылыс компаниясы арасындағы даудан 500 отбасының үйсіз қалуы да мүмкін. Зардап шеккен тұрғындардың дені баспананы несиеге алған. Бұл ретте Орал қаласының әкімдігі даулы мәселеге қатысты нақты жауап бермей отыр.

Еске сала кетсек, биыл Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Оралдағы 80 мың киікті атуға рұқсат бермек болғанда, осы «Кублей» ет комбинаты олардың еті, терісі және ішек-қарнынан консервіленген өнім жасауға дайын екендерін мәлімдеген болатын. Кейін экобелсенді Сәкен Ділдахмет бұл бастаманың астарында лобби тұрғанын меңзеп, киіктің еті тез бұзылатынын айтып дабыл қақты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама