Қызылорда облысында АН-2 ұшағы қону кезінде өртенді
Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған
Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда-Арал бағытында санитария рейсін орындаған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы оқиға бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиация оқиғаларын тексеру департаменті тергеу жүргізеді.
АН-2 - жеңіл жолаушы ұшағы. Ұшақ ауыл шарушылығы, санитария, жолаушы тасымалдау мақсатында қолданылады.