×

Түркі елдеріне ортақ әліпби жасалады

Комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда болады

 Дастан Жұмабекұлы 21.10.2022 | 13:48
фото: ашық дереккөз

Жақында тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу процесін тездету үшін біртұтас әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда болады.

Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады.

Бұл ұсыныс Түркияның Бурса қаласында өткен «Түркі әлемінің жалпы әліпбиі бойынша семинарда Түркі мемлекеттері ұйымының қарауына  ұсынылды. Осы жерде бірыңғай әліпби комиссиясын құру жөніндегі шешім туралы ұсыныс айтылды. Семирар тіл күнінің 90 жылдығына арналып өткізілді.

Ол түрік тілі қоғамының (TDK) басшысы Гюрер Гюльсевиннің төрағалығымен өтті. Оған ТМҰ ақсақалдар кеңесінің басшысы, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым қатысты.

Комиссия құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясаты мәселесімен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүшеден кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама