×

Брюссельде инфляцияның шарықтауына наразы халық шеруге шықты

Наразылық шарасын елдегі екі негізгі кәсіподақ ұйымдастырып отыр

 Еркеғали Болатұлы 21.10.2022 | 13:45
фото: ашық дереккөз

Брюссельде Еуроодақтың күзгі саммитінің алғашқы күнінде тұрғындар бағалардың өсуі мен осыған қатысты Үкіметтің жүргізіп отырған саясатына қарсылық білдірді.

Еуроодақтың штаб-пәтерінің алдына жүздеген адам жиналған. Бұл наразылық шарасын елдегі екі негізгі кәсіподақ ұйымдастырып отыр. Шеруге шыққандар лидерлерді өздерінің талаптарына құлақ асуға, өмір сүру сапасын жақсартуға үндеді.

Бельгияның ұлттық статистика кеңсесінің мәліметінше, қыркүйекте елдегі инфляция деңгейі 11,7 пайызға жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама