Мемлекет басшысы бірнеше елге жаңа елшілерді тағайындады
Президент Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Австралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.