Halyq Uni логотип
×

Президент тапсырмасы: ҰҚК қылмыстық топты ұстады

Оның құрамында 6 адам болған

 Дәурен Ерболат 21.10.2022 | 09:46
Президент тапсырмасы: ҰҚК қылмыстық топты ұстады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында шетелдіктер мен тасымалдаушылардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Президент тапсырмасы аясында ҰҚК ұйымдасқан қылмыстың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін төмендету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Биыл 11 қазанда бірнеше кезеңнен тұратын жедел жұмыстың нәтижесінде бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып, қоғамға қауіпті «Бейнеуліктер» қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылды, - деп жазылған хабарламада.

Топ мүшелері «Тәжен» өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды. Оларға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама