Halyq Uni логотип
×

Үтікпен азаптау ісі: бір полицей қамауға алынды

Іс бойынша бес полиция қызметкері күдікті деп танылған

 Халық үні 21.10.2022 | 09:37
Үтікпен азаптау ісі: бір полицей қамауға алынды
Halyq Uni

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды үтік басып азаптады деп айыпталған полицей Айдын Кенжебаев қамауға алынды. Бұл туралы адвокат Әсем Түсіпова мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мұндай шешімді Талдықорған соты 20 қазанда қабылдаған.

«Сот Айдын Кенжебаевты қамауға алуға шешім шығарды. Оны сот залынан қамауға алды. Бұдан өзге төрт полиция қызметкері Тоқташ, Нұртаза, Боқанов, Жұмашов кепілмен үйқамаққа алынды», - деді Түсіпова.

Адвокат Әсем Түсіпова соттан күдіктілерді қамауға алуды сұрап, бірнеше рет шағымданған. Бұған дейін күдіктілердің барлығы кепілмен бостандықта жүрген. Алайда істі қарап жатқан судья Бекмұрат Дүйсенбеков жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырмады.

Азаптау ісі бойынша бес полиция қызметкері күдікті деп танылған. Іс бойынша 23 жәбірленуші бар.

4 тамызда қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Айта кетейік, арнайы прокурорлар биыл 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматтың азапталғанын дәлелдеді. Оларды үтік басып қинаған. 

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды. Соның ішінде криминалдық полиция басқармасының 3 қызметкері, әкімшілік полиция басқармасының бір инспекторы және арнайы жасақтың бір қызметкері бар екені хабарланды.

4 тамызда қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бұған дейінгі сот отырысы 10 қыркүйекте өтті. Полиция қызметкерлеріне қатысты 10 қыркүйекте өткен сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Әсем Түсіпова судья Бекмұрат Дүйсенбековтен кепілмен бостандықта жүрген айыпталушыларды қамауға алуды сұрады.

Есдәулет Қызырбекұлы, Алматы қаласы 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама