Halyq Uni логотип
×

Еуропаның аспанында белгісіз дрондар пайда болды

Әуежайлар екі жарым сағатқа жұмыстарын тоқтатты

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 18:20
Еуропаның аспанында белгісіз дрондар пайда болды
фото: ашық дереккөз

Норвегияның Берген қаласындағы әуежай әуе айлағында дрон байқалғаннан кейін жұмысын екі жарым сағатқа тоқтатты.

Associated Press хабарлауынша, полицейлер оқиғаға күдіктілерді әзірге анықтаған жоқ.

Біз ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың бар-жоғын білмейміз. Бірақ кем дегенде біреуі болғанына сенімдіміз, –  деген полиция өкілі.

Әуежай жылына 6 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін Норвегиядағы екінші ең үлкен әуежай. Сонымен қатар, ол солтүстік Еуропадағы ең ірі әуежайдың бірі болып саналады. Ол Норвегияның негізгі әскери-теңіз базасының жанында орналасқан.

Сонымен бірге Фордадағы шағын әуежай маңында тағы бір ұшқышсыз ұшақ байқалып, оның жұмысы да қысқа уақытқа тоқтаған.

Басылым соңғы апталарда норвегиялық мұнай-газ платформалары мен инфрақұрылымы маңында дрондар туралы көптеген хабарламалар болғанын атап өтті. Avinor копаниясының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы дрондар азаматтық әуежайлар аймағында 50 рет, оның ішінде шілде айынан бастап 27 рет бақылаған.

Мұндай оқиға 2019 жылы 44, 2020 жылы 14, 2021 жылы 17 жағдай болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама