Ол - ЖСДП атынан президенттік сайлауға түсетін алғашқы үміткер
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында хабарланды.
Еске салайық, Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП атынан ұсынылған кандидат - 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев, партияның Астанадағы филиалының жетекшісі.
Нұрлан Әуесбаев осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат.
Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын.
Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.