×

АҚШ Украина үшін HIMARS өндірісін ұлғайтып жатыр

Енді жылына 120 қондырғы шығарылады

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 17:32
фото: ашық дереккөз

Америка Құрама Штаттардың «Lockheed Martin» компаниясы HIMARS ракета жүйесін шығару өндірісін ұлғайтуды қолға алды.

Бұл туралы Politico хабарлады.

Компания бас директоры Джим Тайклет енді жылына 60 орнына 90 қондырғы шығарғалы жатқандарын айтты.

Қару өзінің тиімділігін Украинада дәлелдеді, деп есептейді компаниядағылар. АҚШ Украинаға барлығы 38 қондырғы жеткізіп беруді жоспарластырған. Олардың 20-сы қазір украин жерінде. УҚК қыркүйек айында қарсы шабуылға кіріспес бұрын алдымен жаудың қоймалары мен көпірлерін атқылап алды. Соның өзі ресейліктердің зәре-құтын ұшырды.

Дегенмен, әрбір HIMARS дайындау үшін бірнеше ай уақыт кетеді. Оның өндірісін ұлғайту үшін айына бестен сегізге дейінгі қондырғыны шығарып тұруға тура келеді, – деді Тайклет.

Бұл мөлшер Эстония, Польша және Украина секілді елдердің сұраныстарын қанағаттандыра алмауы мүмкін.

АҚШ армиясы да өндірісті ұлғайта түсу керектігі жөнінде Lockheed Martin компаниясына талап қойып отыр. Соның нәтижесінде енді өндіріс жылына 120 қондырғыға дейін шығару жайын қарастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама