Премия бүкіл Еуропаны жанқиярлық ерлікпен қорғап жатқаны үшін беріледі
Украина президенті Владимир Зеленский мен украин халқы Еуропарламенттің академик Андрей Сахаров атындағы сыйлығының лауреаты атанды.
Бұл туралы BBC хабарлады.
Жаңалықты Еуропа Парламентінің президенті Роберт Мецола айтты.
Ол украиндардың тоғыз айдан бері басқыншы жаудан өз отанын ғана емес, сонымен бірге бүкіл Еуропаны жанқиярлық ерлікпен қорғап жатқанын атап көрсетті.
Академик Андрей Сахаров атындағы сыйлықты Еуропа парламенті 1988 жылы тағайындады. Ол күллі жер бетінде адам құқығын қорғау жөніндегі күреске айтарлықтай үлес қосқан тұлғаға беріледі.
Биылғы сыйлық 14 желтоқсан күні Францияның Страсбург қаласындағы Еуропа Парламентінде тапсырылады.