Қалада бір тәулікте 115 жол апаты тіркеліпті
Нұр-Сұлтанда төрт көлік бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
22 ақпанда сағат 19.22 шамасында Hyundai маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып, бағдаршамның тыйым салған түсіне өтіп кеткен. Салдарынан Subaru XV маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Ал Subaru XV инерциямен Subaru Legacy және Chevrolet Malibu маркалы екі автокөлікті соққан, – дейді астананың полиция департаменті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт азамат зардап шекті. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Елорда аумағында бір тәулікте 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді.