Кіші Аралдағы бөгетті жөндеуге 4 млрд теңге керек
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев депутат Мұрат Бақтиярұлын сабырға шақырып, нысанды жөндеуге қаражат келесі жылы бөлінетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Кіші Аралдағы Көкарал бөгеті жөнделмесе, экологиялық апат болатынын айтқан.
Серікқали Брекешев қаражаттың неге бөлінбей жатқанын түсіндіріп, мәселені бақылауға алатынын жеткізді.
Шынында да Көкарал бөгетінің бір бөлігін су басқан. Жобалық-сметалық құжаттама белгіленген жоспардан кеш дайын болды. Сондықтан келесі жылға өтінім бере алмадық. Биыл (бөгетті жөндеуге – автор) 500 млн теңге бөлінді. Қазір бөгетті қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылы бюджетті нақтылаған кезде Қаржы министрлігіне өтінім береміз. Менің ойымша, қаржыландыру мәселесі шешіледі, - деп жауабын министр қысқа қайырды.