×

Қостанай облысындағы өрт: министр қанша шығын келгенін айтты

Бүгінде мамандар өрттің себебін анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 20.10.2022 | 15:18
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысындағы өрт салдарынан 4 млрд теңге шығын келді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Алғашында Қостанай облысында өртенген аумақтың жалпы ауданы 43,8 мың гектар болды. Тиісті есеп жүргізілген соң, өртенген су нысандары мен ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерді қоспағанда, оның ауданы – 40 мың гектар болды. Оның шамамен 35 мың гектары өртенген орман алқабы болып саналады. Келтірілген шығын көлемін есептеу үшін 2 комиссия жұмыс істеді. Мен біздің министрлікті айтып тұрмын», - деді Серікқали Брекешев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министр өрт салдарынан қанша шығын келгеніне тоқталды.

Алдын ала деректер бар. Өрттен 4 млрд теңге шығын келді. Өрттің себебін анықтау бойынша министрліктің комиссиясы мен ведомствоаралық комиссия жұмыс істеді. Өрт табиғи фактор әсерінен болмаған деген нұсқа бар. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта олар оның неден шыққанын анықтайтын шығар, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы орман өртінің қасақана қойылғанын растаған еді.

Еске салайық, биыл қыркүйектің басында аталған облыста орман өртеніп, Әулиекөл ауданындағы бірнеше елді мекенге жайылған болатын. Салдарынан шамамен 2 мың адам баспанасынан айырылып, бір адам қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама