×

Досаев делдалдарды нарықтан шығару керектігін айтты

Алматыда делдалдық схемалардың кесірінен азық-түлік бағалары негізсіз қойылады

 Динара Амантай 20.10.2022 | 14:27
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы азық-түлікті жеткізушілердің тізбегінен делдалдарды шығару керектігін айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала басшысы шаһардағы басты мәселелердің бірі – азық-түліктің қымбатшылығы мәселесіне назар аударды.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласында біздегі азық-түлік инфляциясы 20%-ға жеткенін айтты. Мұнда көптеген фактор бар. Бұл геосаяси жағдай және жанар-жағар майдың қымбаттауы түріндегі объективті себептер дер едім. Алматы қаласы көп импорттайды. Қазір біз басқа өңірлермен келісіп жатырмыз. Мысалы, бізге Алматы облысы, аудандар көкөністер мен күріш бойынша қолдау танытты. Ал, төтенше жағдайлар шеңберінде Үкіметпен алдын ала уағдаластық, - деді қала әкімі.

Ерболат Досаев сондай-ақ, қалада жыл соңына дейін 85 мың тонна көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату келісілгенін айтты.

Астық пен күнбағыс майы бойынша келісімге қол жеткізілді. Қант, қарақұмық және күрішпен қамтамасыз ету бойынша 6,4 млрд теңге қарастырдық. Қазір Сауда министрлігі бірыңғай баға бойынша келісім жүргізіп жатыр, оның нәтижесінде қаламызың өз квотасы болады. Алматыда делдалдық схемалардың кесірінен азық-түлік бағалары негізсіз қойылады. Қазір қаланың негізгі жеткізушілері – базарлар. Осы орайда, келер жылдың қаңтар айынан бастап іске асыруды жоспарлап отырған шаралар кешені дайындалды. Негізгі міндет – делдалдарды жеткізушілер тізбегінен шығару. Бүгінде олардың қаладағы үлесі – 40-50%, - деді Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама