×

Ақтөбе облысы үшін 735 млн долларға инвестиция тартылады

Қаржы металлургия, құрылыс, денсаулық сақтау, экология және логистика салаларына арналады

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 09:36
фото: ашық дереккөз

Астанада қаласында жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес, инвесторлар, сарапшылар, салалық министрліктер, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық кәсіпорындардың 500-ден астам өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел мен пленарлық отырыстар аясында әлемдік экономиканың дамуы, инвестициялық тартымдылық және Қазақстанның жаһандық және аймақтық инвесторлар үшін мүмкіндіктері, жаңа экономикалық жағдайдағы азық-түлік қауіпсіздігі және логистика мәселелері талқыланды.

Шетелдік ивесторларды бірнеше компаниялардың қызметі ерекше қызықтырды. Олардың қатарында «Gas Processing Company» ЖШС бар. Кәсіпорын 2018 жылдың желтоқсан айында «Қожасай» кен орнында қуаттылығы жылына 300 000 000 м3 ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша заманауи зауыттың құрылысын аяқтады. EASY компаниялар тобы 2009 жылдан бастап мұнай мен суға арналған өнеркәсіптік химиялық заттарды өндірумен айналысады. Компанияға қарасты зауыт әртүрлі химиялық реагенттерді өндіруге қажетті барлық заманауи жабдықтармен жабдықталған және жылына 9 мың тоннаға дейін өнім шығарады. «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны мұнай-газ саласына қажетті өнім шығаруда әлеуеті зор. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың тонна болып отыр.

Іс-шара қорытындысында металлургия, құрылыс, денсаулық сақтау, экология және логистика салалары бойынша 735 млн АҚШ доллары болатын 5 меморандумға қол қойылды.

Ақтөбе облысы – ел үшін экономикалық және стратегиялық маңызы зор Қазақстандағы ең ірі өңір. Аймақ хром, титан, никель қоры бойынша дүние жүзінде көшбасшы болып отыр. Оның аумағында көмірсутегінің болжамды қорының 30%-ы шоғырланған. Ал өнеркәсіптік мұнай қоры еліміз бойынша үшінші орында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама