50-60 мың адамды көшіру жоспарланып отыр
Ресей армиясы кешеден бері Херсон тұрғындарын Днепр өзенінің сол жағалауына күштеп көшіріп жатыр.
Бұл туралы BBC хабарлады.
Херсон облысының Ресей тағайындаған басшысы Владимир Сальдо 18 қазанда қала мен оған қарасты төңіректегі селолар тұрғындарын Днепрдің сол жағалауына қарай көшуге шақырған.
Сальдо Херсон әкімшілігінің бірнеше елді мекендерінің тұрғындарын көшіретінін айтты. Оның айтуынша, Днепр өзенінің сол жақ жағалауына 50-60 мың адам көше алады. Әрі қарай халық қайда барғысы келетінін өздері шешеді.