Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин мәлімдеді
20 қарашадан бастап Херсон, Запорожье, ЛХР мен ДХР-де әскери жағдай жарияланды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеді.
«Донецк халық республикасы, Луганск халық республикасы мен Херсон, Запорожье облыстарында Ресей Федерациясының құрамына енгенге дейін әскери жағдай болған еді. Қазір де бұл жағдайды ресейлік заңнама негізінде енгізу қажет. Мұны бекіту Федерация кеңесіне жолданды», - деді Путин Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
4 аймақта көлік, байланыс және энергетика саласы ерекше жұмыс режиміне көшеді. Жолдардағы көлік қозғалысы шектеліп, көліктер тексеріледі.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Путин төтенше жағдайдың қай кезге дейін болатынын хабарламады. Жарлық Федерация кеңесіне келісуге жіберілді.