Қазақстан қоғамдық даму институтының басшысы тағайындалды

Ербол Тұрымбет

Қазбек Майгелдинов бұған дейін институтқа қарасты орталықты басқарды

Қазбек Майгелдинов, фото: gov.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қазбек Майгелдинов «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Институт қызметінің негізгі миссиясы қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғамды құруға қатысатын барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету арқылы қоғамдық даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Қазбек Майгелдинов - Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, Қарағанды экономикалық университетінің және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

2021 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Саясаттану) докторантураны бітірген, PhD докторы.

Еңбек жолын 2007 жылы «Парасат» Қазақстандық көпсалалы институтының «Престиж академиясының» оқытушысы болып бастап, Ә.Х. Марғұлан атындағы «Археология институты» РМҚК жалпы археология бөлімінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. ҚР Президенті әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да қызметтерді атқарған.

2019 жылдан 2021 жылға дейін Еуразиялық интеграция институтының ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы қызметін атқарды.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының» басшысы ретінде жұмыс істеген.