Halyq Uni логотип
×

Премьер-министр Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлінетінін айтты

Жобаны толық аяқтау үшін 577 млн доллар керек

 Дәурен Ерболат 19.10.2022 | 16:54
Премьер-министр Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлінетінін айтты
фото © Нұрдәулет Әбікеев

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Астанадағы LRT құрылысына қосымша қаржы кезең-кезеңімен бөлінетінін айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз бұл жобаның тағдыры не болады деп бірнеше нұсқаны талқыладық және осы жобаны одан әрі дамытудың түрлі схемаларын зерттеп, халықаралық сарапшылар мен қала жұртшылығының пікірін ескердік. Нәтижесінде жобаны аяқтаймыз деп ұйғардық. Бірақ ол біршама оңтайландырылған түрде іске асады, - деді Әлихан Смайылов Мәжілістің кулуарында. 

Премьер-министрдің айтуынша, күзде LRT құрылысына қосымша 20 млрд теңге бөлінген.

Бұл қаражаттың игерілуіне қарай, біз оларды игерудің тиімділігіне, осы жоба шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қарастырамыз. Кейін біз осы жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлеміз, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын аяқтауға 577 млн доллар керектігін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама