Halyq Uni логотип
×

Қазақ қызы Азияның бірінші ракеткасы атанды

14 жастағы Альбина Какенова сары құрлық тізімінде көш бастады

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2022 | 15:58
Қазақ қызы Азияның бірінші ракеткасы атанды
фото: ktf.kz

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты.

14 жастағы Альбина Какенова сары құрлық тізімінде көш бастады. Қазақ теннисшісінің еншісінде 2722 ұпай бар. Азияның ең үздік ондығына Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода – оныншы орындарға орналасты. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10 қатарына Қазақстанның бес ойыншысы кірді.

Осы рейтинг жарияланбас бұрын Қазақстанның жасөсіпірімдер командасы 14 жасқа дейінгі Азия чемпионатын жеңіп алған болатын.

Теннистен Таиландта 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен Азия чемпионатында жекелей сында алтын жүлдені Ариана Гогулина мен Альбина Какенова иеленді. 
Командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Альбина Какенова (жаттықтырушысы –  Марат Шарипов), Ариана Гогулина (жаттықтырушысы –  Мукам Ермаков), Арсений Требухин (жаттықтырушысы - Руслан Абдулатыпов), Олжас Есеналы (жаттықтырушысы - Владимир Честнов) командаға жеңіс алып келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама