×

Құрамында Ресей азаматтары көп қарағандылық хоккей клубы еуропалық турнирден бас тартты

Бапкерлер құрамында да Беларусь азаматтары жұмыс істейді

 Еркеғали Болатұлы 19.10.2022 | 15:45
фото: ашық дереккөз

Хоккейден қарағандылық «Сарыарқа» командасы Құрлықтық кубок бәсекесіне қатысудан бас тартты. Кейін мұның себебі де белгілі болды деп хабарлады Shaiba.kz.

Құрлықтық кубоктің үшінші кезеңінде «Сарыарқа» Е тобына түсті. Аталған топтағы кездесулер 2022 жылдың 18-20 қарашасы аралығында Ұлыбританияның Кардифф қаласында өтеді. Ал осы аптаға екінші айналым матчтары жоспарланған.

Ресми мәлімет бойынша, «Сарыарқа» құрамында Ресейдің 10, Беларуьстің 1 азаматы ойнайды. Shaiba.kz-тің жазуынша, бапкерлер құрамында да Беларусь азаматтары жұмыс істейді. Сол себепті, Ұлыбританияға виза рәсімдеу кезінде Ресей және Беларусь азаматтарына қиындық туындаған. Ал қарағандылық команда турнирде тек Қазақстан және Латвия хоккейшілерімен ойнай алмайды.

Еске сала кетсек, Құрлықтық кубок 1997 жылдан бері әлемдік федерацияның ұйымдастыруымен өтіп келеді. Мұнда еуропалық лига чемпиондары мен жүлдегерлері бақ сынайды. Былтыр «Сарыарқа» Құрлықтық кубоктің финалында ұтылып, 2-орын алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама