×

Қаңтардағы азаптау бойынша 12 ҰҚК қызметкері жауапқа тартылады – Бас прокуратура

Азаптау дерегі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр

 Дәурен Ерболат 19.10.2022 | 13:55
Фото: Halyq Uni

Қаңтар оқиғасында азаптау дерегі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

«Азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы 5 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. 23 адамға айып тағылды. Тағы бір қылмыстық іс сотта қаралуда. Жалпы 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның 17-сі полицей, 12-сі Ұлттық қауіпсіздік қызметкері», - деді Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары рақымшылыққа нақты қанша адам ілігетінін айтты.

«Біздің болжамға сәйкес, 1,5 мыңға жуық адам ілігеді. Олардың басым бөлігі – қарапайым азаматтар. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық жасағандар және тағы басқа қылмыс жасағандар», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама