×

Президент қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап

 Динара Амантай 19.10.2022 | 09:12
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, үнемі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрсіздер. Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама