Белгород облысындағы полигонда 11 адамды қырып тастаған тәжіктердің жеке басы анықталды

Халық үні

Олар 23 жастағы Рахмонов Мехроб пен 24 жастағы Эсхон Аминзод болып шықты

Фото: 24.RU

Белгород облысындағы әскери поигонда 11 адамды атып өлтіріп, 15 адамды жарақаттаған Тәжікстан азаматтарының кімдер екені белгілі болды, деп хабарлады ASTRA басылымы.

«Олар 23 жастағы Рахмонов Мехроб пен 24 жастағы Эсхон Аминзод болып шықты. Тәжікстан азаматтары еріктілер ретінде мобилизацияланған (…). 4 күн өткен соң, 15 қазанда автоматпен әскери қызметшілерді атқан. Олардың көз жойылды», - делінген жарияланымда.

Сонымен қатар Белгород облысындағы полигонда көз жұмған 11 әскери қызметшінің тізімі жарияланды. 

Айта кетейік, қайғылы оқиға Ресейдің Белгород облысындағы Батыс әскери округында болды