Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды

Халық үні

Қыз бала алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды

ашық дереккөзден

Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Рolisia.kz.

18 қазан күні, сағат 18:33-те «LADA« маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелет жасына толмаған қызды қағып кетті. Қыз бала алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).

«ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінде.