×

«Канело» 3 боксшыны Қазақстаннан шығатын жаңа әлем чемпиондары деп атады

«Канело» 3 отандық боксшыны әлемнің әлеуетті чемпиондары деп атады

 Халық үні 18.10.2022 | 20:50
Фото: inbusiness.kz

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес қазақстандық спортшыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Желіде мексикалық спортшы Сауль Канело Альварес Suleimen Promotion компаниясы атынан шығатын қазақстандық боксшылармен кездесіп, олардың мүмкіндіктеріне баға берді.

«Қазақстан! Олар - әлемнің әлеуетті чемпиондары. Үш чемпион», - деді Канело.

Әңгіме үш боксшы туралы болып отыр. 23 жастағы Евгений Павлов екінші салмақта өнер көрсетіп, жеті жекпе-жекте де жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын).

25 жастағы орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл маусымда АҚШ-та дебют жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 24 жастағы Бек Нұрмағанбет екі жыл ішінде өткізілген жеті жекпе-жекте жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын).

«Канело сіздерді әлем чемпиондары деп атады. Бұл - Канело тарапынан үлкен марапат», - деді тілші қазақстандық боксшыларға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама