Кәсіпорын 300 вагон жинауға келісімге келіп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондар құрастырыла бастады. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Аймақ басшысының сөзінше, «Зиксто» кәсіпорнының аумағында ескі ғимарттар бұзылады. Оның орнына 2023 жылы жаңа корпустың құрылысы басталады деп жоспарланған. Оның аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды.
«Зиксто» «ҚТЖ-Экспресс» үшін жолаушылар вагондарын шығарады. Зауытта ол үшін мүмкіндік бар. Қазір 300 вагон жинауға шарт ресімделіп жатыр. Жолаушылар вагондарының екі түріне сертификаттау жүргізілді. Жұмыс істеп тұрған цехтарда келесі айдан бастап өндіріс одан әрі жандана түседі. Қазір вагонның рамасы, жақтауы және қаптамасы өзімізде жасалады. Ең бастысы жолаушылар үшін вагондарда барлық жағдай жасалады. Әр купеде теледидар мен кондиционер орнатылады. Душ кабиналары да қарастырылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бөлек дәретхана да бар»,- делінген облыс әкімінің жазбасында.
Сонымен қатар аталған кәсіпорын 2 мың вагон-платформа шығаруға арналған «ҚТЖ-Экспресс» үшін екі жылдық келісімшартты орындайды.
Қазірдің өзінде 1 234 платформалық вагон жеткізілді. Зауыт тұрақты жұмыс істеп тұр. Былтыр өндіріс ошағы мемлекетке 222 миллион теңге салық төлесе, жыл соңына дейін 425 миллион теңге кіріс әкеледі.