×

Еуропаның 37 елінде құс тұмауы өршіп барады

48 миллион құстың көзі жойылған

 Еркеғали Болатұлы 18.10.2022 | 16:15
фото: ашық дереккөз

Еуропаның 37 елінде құс тұмауы эпидемиясы биыл күзде тағы өршіді. Мұндай мәлімет Еуропаның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының баяндамасында айтылған.

Ресми мәліметке сүйенсек, індет 2 467 құстан анықталғаннан кейін өзге 48 миллионының көзі жойылған. Мамандар бұрын құс тұмауы тек жаз мерзімінде болса, енді инфекция жыл бойы тарап жатқанын алға тартып отыр.

Бұл ретте вирустың өршуі Еуропаның көптеген еліне тауық еті мен жұмыртқа жеткізудің азаюына және бағаның шарықтауына әкеп соққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама