×

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

Президент ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде тапсырмалар берді

 Халық үні 22.02.2022 | 16:41
фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы премьер-министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Тоқаев әскери-саяси әрі санкциялық текетірестер нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажеттігін айтты, – дейді Ақорда.

Президент ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер

1988 жылдан бастап ол қайта тойлана бастады
21.03.2023 | 08:00

Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

Сотталушының жәбірленушіні өлтіруге пиғылы, ниеті болмаған
21.03.2023 | 07:36