×

Қырғызстан алғашқы ұшқышсыз ұшағын шығарды

Ұшатын аппарат «SAARA- 02» деп аталады

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 15:02
фото: kaktus.media

Қырғызстанда алғашқы ұшқызсыз ұшақ шықты.

Kaktus.media агенттігінің хабарлауынша, оны жергілікті инженерлер екі жылдан астам уақыт бойы құрастырған. Ұшатын аппарат «SAARA- 02» деп аталады. Жақында ол Баткен облысында сынақтап өтіп, лайықты бағасын алды. Ұшқышсыз ұшақ барлау және соғыста әскери-тактикалық қызметті атқарады.

Біздің инженерлер ұшқызсыз ұшақты құрастырумен екі жылдан аса уақыттан бері айналысты. Мұндай аппарат болашақта елдің қауіпсіздігіне қызмет етіп, шекараны қорғауда қызмет етеді, –  делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Иран да ұшқызсыз ұшақты көптеп шығарып келеді. Жақында Ресей президенті Владимир Путин қарудың осы түрін сұрау үшін 4 жылда бірінші рет Иранға ұшып барған болатын.

Қазір Ресей Иранның дрондарымен Украинаның қалаларын соққыға алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама