×

Өскеменде жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын кешен іске қосылды

Автоматты сұрыптау жабдығының құны - 2 660 000 еуро

 Динара Амантай 18.10.2022 | 11:57
Фото: ашық дереккөз

«Жасыл даму» АҚ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында Өскеменде заманауи сұрыптау желісін іске қосты. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және гректің «Sabo» компаниясының өкілдері қатысқан.

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жылдың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес, құрылғыларды гректің «Sabo» компаниясы орнатушы, «ӨКМ Операторы» қаржыландырушы және Өскемен қаласының әкімі жабдықтарды қабылдаушы ретінде мәміле жасасқан болатын.

Айта кетсек, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол Картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама