×

Ресей – Украина қақтығысы: Қазақстанда энергетика жабдықтарының тапшылығы туындаған

Бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ

 Дәурен Ерболат 18.10.2022 | 11:49
фото: ОКҚ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресей-Украина қақтығысы салдарынан елде энергетика жабдықтарының тапшылығы туындағанын айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы бүгінде энергия қуатының нарығындағы әр станса жүктеме арқалап отырғанын жеткізді.

Сол үшін стансалар айына әр МВт үшін 590 мың теңге алады. Бұл ақшаға олар ұдайы инфрақұрылымын жаңартып, дамытып отыруы керек. Бірақ оған қажет қондырғылардың бәрі Қазақстанда өндірілмейді. Мысалы, биыл Укаринадағы оқиғаларға байланысты қосалқы бөлшектер тапшылығын сезіндік. Себебі, олардың көп бөлігі сол елден жеткізілетін. Жеткізу жолын қайта бағдарлай алдық. Бірақ бәрібір мәселе толық шешілген жоқ, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Болат Ақшолақов отандық энергетика саласын жаңғырту үшін қаржы керегін атап өтті.

«Сондықтан саланы одан әрі терең жаңғырту үшін энергия нарығы тарифін айына бір МВТ үшін 590 мың теңгеден 855 мың теңгеге дейін көтеру керек деп есептейміз», - деді Болат Ақшолақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама