×

Жозеп Боррель: «Ресей барған сайын оқшауланып, жеңіліс табады»

Еуропа одағы Иранның мәселесін де май шаммен қарайды

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 10:57
фото: ашық дереккөз

Еуропа одағы дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Ресейдің соғыста жеңілетінін, Украинаны қолдауды жалғастыру керектігін атап өтті. Ол осыны ЕО елдері сыртқы істер министрлерімен кездесуі алдында айтты.

Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

«Соғыстың әлеуметтік-экономикалық зардаптары жер-жүзіне тарап жатыр. Ресей бұдан әрі барған сайын қалған әлемнен оқшаулана түседі. Мұны біз БҰҰ-дағы соңғы күндері көрдік. Ресей бұл соғыста моральдық, саяси, тіпті әскери қатынас жағынан да жеңіледі. Біз Украинаны бұдан әрі қолдай беруіміз керек», – деді Боррель.

Ол министрлердің украин әскерилері үшін жаңа жаттығу миссиясын жасау туралы шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

Боррельдің айтуынша, министрлер сондай-ақ Ресейге Украинадағы соғысқа пайдалануы үшін дрондар беріп отырған Иранға қарсы ықтимал санкция мәселесін талқылайды.

«Біз Тегеран Ресейге дрондарды бергенін жоққа шығарып отырса да, Иранның ісін нақтылай дәлелдеуді қарайтын боламыз. Кездесуге украин министрі Дмитрий Кулеба қатысады. Бірақ бүгінгі санкция наразылық қозғалысына қатысушыларды қуғын-сүргінге салуға қатысты салынатын болады», – деді ол.

ЕО елдері сыртқы істер министрлері 17 қазандағы отырыста Украина армиясын қаруландыру үшін қосымша 500 млн еуро қаржы бөлу туралы шешімді қолдайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама