×

Ақмола облысында зираттан күйіп кеткен ер адамның мәйіті табылды

Марқұм отбасылық жанжалдан кейін өзіне қол салды

 Халық үні 18.10.2022 | 06:39
фото: AFP 2022 / SANJAY KANOJIA

Степногор қаласы маңындағы зираттан күйіп кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды sputnik.kz. 

Мәйіт 1959 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі.
Мәлім болғандай, марқұм отбасылық жанжалдан кейін өзіне қол салды.

Ол 13 қазанда өзінің көлігімен ата-анасы жерленген Ақсу кентіне қарай кетіп бара жатып, ұлына қоңырау шалған. Сол кезде өмір сүргісі келмейтінін айтқан.

Ер адам зират жанында үстіне жанғыш сұйықтықты құйып, өзін өртеп жіберді.
Әкесінің қоңырауынан кейін ұлы туысына хабарласып, оны табуға өтініш білдірген. Күйік шалған мәйітті 35 жастағы туысы тапты.

Полиция басқармасы бұл факт бойынша «суицидке дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама