Украинаның көптеген қалаларына снаряд түсті
Бүгін Ресей армиясының жаңа шабуылдарынан Украинаның Львов, Хмельницкий, Винница, Ровно облыстарына снарядтар түсіп, жарылыстар болып, электр желілері үзілген.
Ал, Киевте камикадзе-дрондардың соққысынан көпқабатты үй қирап, үш адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде жүкті әйел бар. Бұл туралы қала мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-каналында жазды.
Осыған дейін Ресей Украинаны шекара маңындағы Белгород облысындағы нысандарға соққы берді деп айыптады.
Бұған қоса, ресейшіл Telegram-арналардың бірі Украинаның түнде Белгород әуежайына шабуыл жасағанын хабарлады. Киев болса, әдеттегідей көрші елдердегі жарылыстарға қатысты түсініктеме берген жоқ.