Алматыда жүкті келіншек суицид жасамақ болды
Көлікті тексеру кезінде хат пен арқан табылған
Алматыда жас келіншек өз-өзіне қол салмақшы болды. Мұны дер кезінде байқаған тәртіп сақшылары оған көмекке келді.
Дулати көшесінің бойын патрульдеу кезінде, қараусыз қалған жерден «Хюндай» маркалы көлік табылды. Көлікте бір қыз жылап отырған.
Көлікті тексеру кезінде хат пен арқан табылды. Бойжеткеннен жауап алған соң, оның бүгін екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығын анықтадық. Қызды патрульдік көлікке дейін шығарып салып,«жедел жәрдем» шақырдық ,- дейді Алматы қалалық ПД патрульдік полиция Полкінің аға инспекторы Дәулет Тұрманов.