×

Қарақалпақстанда қамауға алынған 38 күдікті кепілдікпен босатылды

Әлеуметтік жағдайы нашар адамдар отбасыларына жіберілді

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2022 | 17:43
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда шілде айында Қарақалпақстан Республикасында болған жағдайлар мен оқиғаларды зерделеу жөніндегі комиссия мүшелерінің жұмысы жалғасып жатыр.

Арнайы комиссия тарапынан азаматтардың өтініштерін қарау барысында өз әрекетіне шын өкінген, әлеуметтік жағдайы нашар күдіктілердің екінші тізімін жасап, оларды отбасыларына қайтару бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Омбудсменнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесі ретінде 2022 жылдың қазан айында тағы 38 күдікті қоғамдық кепілдік негізінде отбасыларына қайтарылды.

Бұл комиссия мүшелерiнiң ұсынысы және Қарақалпақстан Республикасы Жуқорғи Кенгесiнiң талап-арызымен Өзбекстанның Бас прокуратурасы тарапынан орындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама