Спортшы қоссайыстың қорытындысы бойынша 220 кило зілтемірді басынан асырды
Бахрейннің астанасы Манама қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Осы додада алтын медальді жеңіп алған Зүлфия Чиншанло чемпионаттың үздік спортшысы атанды.
Зүлфия Чиншанло 55 кило салмақта күш сынасқан еді. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 220 кило зілтемірді басынан асырды. Зілтемірші әуелі жұлқа көтеуде 95 килоны еңсеріп, осы бағдарламада күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 киломен алтын жүлде алды.
Одан басқа ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Асылжан Бектай алтын жүлдені деңіп алды.
Отандасымыз 89 килоға дейінгі салмақта үздік атанды. Ол қоссайыста 362 (165+197) килоны басынан асырды. Содан кейін әйелдер арасында өткен сында Айзада Мүптілда құрмет тұңырының ең биік сатысына көтерілді. Зілтемірші 87 килодан аса салмақта сынға түсіп, Азия чемпионы атанды.
Айзада жұлқа көтеруде 120 кг-ны, серпе көтеруде 157 килоны, қоссайыс нәтижесінде 277 кг-ны еңсеріп, әлемдік жарыста топ жарды.
Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы жаттығуда 115 киломен күміс жүлдені иеленді. Ал серпе көтеруде 151 кг-ны көтеріп, қоссайыс нәтижесінде (266 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Осы бәсекеде Қазақстанның әйелдер командасы жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ал ерлер командасы жалпы есепте бірінші орыннан көрінді.