Halyq Uni логотип
×

Ресей оккупанттары Херсоннан мүліктерін алып қашып жатыр

Басқыншылар «мемлекеттік» мекемелерді Қырымға көшіруді бастап кетті

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2022 | 14:30
Ресей оккупанттары Херсоннан мүліктерін алып қашып жатыр
фото: segodnya.ua

Украина Қарулы күштерінің тегеурініне шыдамаған ресейліктер өздері басып алған Херсон жеріндегі «мемлекеттік» мекемелер мүліктерін тасып әкете бастады.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина бас штабының хабарлауынша, ресейліктер Херсондағы басып алған жерлеріндегі «мемлекеттік» мекемелерді Қырымға көшіруді бастап кеткен.

Ресейдің Украинамен шекаралас аудандары тұрғындарының моральдық-психологиялық ахуалы соңғы күндері нашарлап кеткен. Бұл жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасыздығына байланысты туындап отыр.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, медицина қызметкерлері мобилизациясы мен жараланған солдаттардың көбеюіне байланысты Белгород облысының ауруханалары жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуден бас тартуда, – делінген хабарламада.

Оның үстіне, Ресейдің Белгород облысында 16 рет жарылыс болғаны айтылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама