Halyq Uni логотип
×

Бес самбошы әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы сапында 50 спортшы қатысып, 42 жүлдені жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2022 | 13:55
Бес самбошы әлем чемпионы атанды
фото: ашық дереккөз

Арменияның астанасы Ереван қаласында самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды

Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы сапында 50 самбошы қатысып, 42 жүлдені жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 23 мемлекеттің арасынан Қазақстан екінші орын алды. Бірінші орынды ФИАС туы астында өнер көрсеткен Ресей құрамасы иеленді. Өзбекстан самбошылары үздік үштіктен көрінсе, төртінші орын Моңғолияның спортшыларына, бесінші орынды Қырғызстанның самбошыларына бұйырды. Алтыншы орынға жарыс қожайындары Армения ие болды. Үздік жетілікке Тәжікстан құрамасы ілікті.

Қазақстан самбошылары бұл додадан 5 алтын, 13 күміс және 24 қола жүлде иеленіп, табысты өнер көрсетті. Бұл жолғы додада жас самбошылар тұңғыш рет жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының жүлдесін сарапқа салды.

Енді оқырманның назарларына осы бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз және жүлдегер атанған жас самбошыларымыздың тізімін ұсынамыз.

Әлем чемпионы атанғандар:  

Кадеттер арасында, қыздар:

1.Зарина Мұрадасыл (59 кг)

Жасөспірімдер, ұлдар:

1.Әділет Ахметқали (71 кг).

Жауынгерлік самбо:

1.Елзат Асиев (58 кг)

2.Аслан Тұрысбеков (64 кг)

3.Бекнұр Тәңірберген (71 кг)

Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері:

Кадеттер арасында, ұлдар:

1.Шейхрахман Бауыржанұлы (53 кг)

2.Мирас Сәкен (58 кг)

3.Асқар Тоқмағанбет (64 кг)

Кадеттер арасында, қыздар:

1.Әсел Русланова (41 келі)

Жасөспірімдер, ұлдар:

1.Қуанышбек Көмеков (58 кг)

2.Дамир Ахнет (98 кг)

Жасөспірімдер, қыздар:

1.Сара Шұғаева (50 кг)

2.Ұлбосын Әділова (80 кг)

Жастар арасында, ұлдар:

1.Алдияр Қарғұлов (58 кг)

2.Санжар Нұрсейіт (79 кг)

Жастар арасында, қыздар:

1.Айкүн Рахметова (54 кг)

Жауынгерлік самбо:

1.Айболат Аманкелдиев (79 кг)

2.Дінмұхаммед Ергешбаев (+98 кг)

Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері:

Кадеттер арасында, ұлдар:

1.Ғани Орынбайұлы (46 кг)

2.Әлихан Жұмабек (49 кг)

3.Нұрдәулет Ілиясұлы (79 кг)

4.Нұрхан Жамалхан (88 кг)

5.Бейбарыс Сұлтан (+88 кг)

Кадеттер арасында, қыздар:

1.Тоғжан Дәулеткелді (44 кг)

2.Жібек Құлымбетова (47 кг)

3.Нұрай Бақыт (50 кг)

4.Ділназ Жанәбіл (72 кг)

Жасөспірімдер, ұлдар:

1.Қазбек Аңсаған (53 кг)

2.Бибарыс Нұғман (79 кг)

Жасөспірімдер, қыздар:

1.Аяжан Мұхтарғали (54 кг)

2.Шынар Бітімбай (59 кг)

3.Аружан Жандарбай (72 кг)

4.Алина Өмірбек (+80 кг)

Жастар арасында, ұлдар:

1.Серік Әбдімажит (71 кг)

2.Қазыбек Рақышев (88 кг)

3.Диас Сапарбек (+88 кг)

Жастар арасында, қыздар:

1.Айдана Жарболова (59 кг)

2.Риза Сүлейменова (72 кг)

3.Шынар Абатова (80 кг)

4.Нұрила Асанқызы (+80 кг)

Жауынгерлік самбо:

1.Алтынбек Қосайбек (88 кг)

2.Бақдәулет Мырзабеков (98 кг)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама