×

НАТО ядролық қаруды тежеу дайындығына кірісті

Бұл оқу-жаттығулардың әлемде болып жатқан ешбір оқиғаға қатысы жоқ екенін атап өтті

 Еркеғали Болатұлы 17.10.2022 | 09:30
фото: ашық дереккөз

Бүгін батыстың 14 елі жыл сайынғы жоспарланып отырған ядролық қаруды тежеу бойынша «Тұрақты түс» оқу-жаттығуларын бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Жаттығуларға 60-қа жуық ұшақ, оның ішінде заманауи жойғыштар мен америкалық стратегиялық бомбалаушы ұшақтар қатысады. НАТО бұл оқу-жаттығулардың әлемде болып жатқан ешбір оқиғаға қатысы жоқ екенін атап өтті.

Жаттығулар Бельгия мен Ұлыбританияның әуе кеңістігінде, сондай-ақ Солтүстік теңіздің үстінде өтеді. Жауынгерлік қару қолданылмайды.

«Бұл жаттығулар альянстың ядролық тежеу құралының қауіпсіздігін, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі», - деді НАТО баспасөз хатшысы Оана Лунгеску.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама