Шымкентте болмаған концертті «өтті» деп хаттама толтырып, 610 миллион теңге жымқырған 6 адам сотталды

Халық үні

6 күдіктінің үшеуі кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды

ашық дереккөзден

Шымкентте 610 миллион теңге жымқырған мәдениет саласының мамандарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы мен «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының бас есепшілері кәсіпкермен келісіп, мемлекет қаражатын жымқырған.

Айыпталушылар карантин кезінде болмаған концертті «өтті» деп хаттама толтырған. 6 күдіктінің үшеуі кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды.

Сотталушылардың бірі – жеке кәсіпкер. Оның және туыстарының атына жеке субъектілер ашылған. Бұқаралық мәдени шаралар өткізеді деген желеумен бұл субъектілерге мемлекет қаржысы жіберіліп отырған. Сот залынан босатылған үш сотталушыға келсек, олар мәдениет басқармасының басшысы, басшының міндетін атқарушы және есепші. Есепші 7 жылға шартты түрде сотталды, – деді судья Әбсаттар Шахидинов.

Ал мәдениет басқармасының бас есепшісі мен кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының бас есепшісі 8 жылға сотталды.