Halyq Uni логотип
×

БҚО ауруханасына оқ тиген жасөспірім жеткізілді

Оқиға 4 қазанда Бөкей Ордасы ауданында болған

 Халық үні 17.10.2022 | 06:33
БҚО ауруханасына оқ тиген жасөспірім жеткізілді
ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облыстық ауруханасына ішіне оқ тиген жасөспірім жеткізілді. Оның жағдайы ауыр, қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр.

Полицияның мәліметіне сәйкес, 4 қазанда Бөкей Ордасы ауданына қарасты Хан Ордасы кентінде 15 жастағы бала досына мылтықпен оқ атқан.

Екеуі гаражда отырған. Сол кезде біреуі ағасының АТА ARMS маркалы мылтықтың шүріппесін абайсызда басып жіберді.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және атыс қаруының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 484-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Мылтық оның ағасына тиесілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама