Шанхай тұрғынына құрбысымен серуендеп жүрген кезде шабуыл жасалған
Филиппиндегі түнгі клубтан белгісіз біреулер қытайлық туристті ұрлап әкетіп, 20 күн бойы ит торында ұстаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Анхелес қаласында Шанхай тұрғынына құрбысымен серуендеп жүрген кезде шабуыл жасалған. Кейін қыздың сүйіктісі полицияға шағымданған. Ер адам оның телефонына белгісіз нөмірден видео жібергенін, онда оның сүйіктісін бейсбол таяғымен ұрып жатқанын айтты.Ер адамның айтуынша, шабуыл жасағандар 180 мың фунт стерлинг төлем талап еткен.
Жәбірленуші қасқүнемдерден қашып үлгерген, кейін полиция қызметкерлері әйелді тауып алған. Тәртіп сақшылары турист қамалған үйге барған, алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары бұл үй ішінде жастық пен шелек тұрған ит торының болғанын растады.