×

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Британдық боксшы  Крис Юбэнк Головкинді келесі қарсыласым деп атады

 Халық үні 16.10.2022 | 21:44
Фото: inbusiness.kz

Британдық боксшы Крис Юбэнк-кіші қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді, деп хабарлады Sports.kz.

Журналист Юбэнктен келесі қарсыласын қысқаша сипаттауды сұрады. Британдық боксшы бірден Головкинді есіне алды.

«Менің келесі қарсыласым Головкин», – деді боксшы.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Головкин - «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Крис Юбэнкке келер болсақ, ол рингке ақпанда шығып, отандасы Лиам Уильямстан басым түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама