Бірінші қабаттағы кеңседе өрт шықты
Астанада EXPO аумағындағы кеңсе өртенді. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Өрт сағат 16:22 шамасында Есіл ауданында Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 мекен-жайында басталған.
Бірінші қабаттағы кеңседе өрт шықты. Оқиға орнына дереу Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен ТЖД 9 техникасы жіберілді. Сағат 16:44-те өрт оқшауланды, - деді Иманқұлов.
Өрт сөндірушілер мұрағат бөлмесіндегі жиһаздар мен құжаттардың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық өртенгенін анықтады.
Сағат 17:19-да өрт сөндірілді. Бірақ біздің мамандар оқиға орнында өрттің қайта тұтануының алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр, - деді Иманқұлов.
Астана қаласы ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.