87 келіден жоғары салмақта сынға түскен Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды
Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілда жеңіске жетті. Бұл туралы МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
87 келіден жоғары салмақта сынға түскен Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды.
Айзада жұлқа көтеруде 120 келі, серпе көтеруде 157 келіні, қоссайыс нәтижесінде 277 келіні еңсеріп, әлемдік жарыста топ жарды.
Екінші орынды Нурул Акмал (Индонезия) - 267 (114+153) келі көрсеткішпен иеленді.
Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы жаттығуда 115 келімен күміске қол жеткізді. Ал серпе көтеруде 151 келіні көтеріп, қоссайыс нәтижесінде (266 кг) үздік үштікті түйіндеді