Halyq Uni логотип
×

Ешқашан күш қолданудан бас тартуға уәде бермейміз - Си Цзиньпин

Бөліну әрекеттеріне қарсы барлық қажетті шараны қолданамыз дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 16.10.2022 | 16:35
Ешқашан күш қолданудан бас тартуға уәде бермейміз - Си Цзиньпин
фото: ашық дереккөз

Бейжің Тайваньмен бейбіт жолмен қосылуды көздейді, бірақ күш қолданудан бас тартуға уәде бермейді. Бұл туралы бүгін ҚХР төрағасы, Қытай Компартиясының бас хатшысы Си Цзиньпин ҚКП-ның 20-съезінде мәлімдеді.

Біз бейбіт қайта бірігу перспективасын ұстанамыз. Бірақ ешқашан күш қолданудан бас тартуға уәде бермейміз. Тайвань тәуелсіздігін жақтайтын сыртқы күштер мен өте аз сепаратистердің араласуына, сондай-ақ олардың бөліну әрекеттеріне қарсы барлық қажетті шараны қолданамыз, - деді ол.

Сондай-ақ Си Цзиньпин мұндай әрекеттер Тайвань тұрғындарының көпшілігіне қарсы бағытталмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, «Қытай гегемонизм мен күш саясатының барлық түріне, қырғиқабақ соғыс менталитетіне, басқа елдердің ішкі ісіне араласуға және қос стандарттарға үзілді-кесілді қарсы».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама