«Канеломен» жаттыққан қазақстандық боксшы мексикалықты нокаутқа түсірді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста осымен 8-жеңісіне жетіп отыр
Жеңіл салмақта WBA International белбеуіне ие қазақстандық боксшы Евгений Павлов кезекті жеңісіне жетті деп хабарлады Vesti.kz.
Ол Мексикада өткен бокс кешінде жергілікті Хесус Гомес Кинтанамен (11-7, 8 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек 5-раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста осымен 8-жеңісіне жетіп отыр. Оның алтауы – нокаут. Ал карьерасында 11 жеңіске жеткен мексикалық болса, осымен қатарынан 8-рет жеңіліп отыр.
Еске сала кетсек, Павлов екінші орта салмақта абсолют чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен бір залда жаттыққан.